Елордада коронавирустан 331, пневмониядан 31 адам емделуде

16 Наурыз 2021, 12:01
1163
Бөлісу:
Елордада коронавирустан 331, пневмониядан 31 адам емделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Өткен тәулікте елордада коронавирус инфекциясының 127 жағдайы тіркелді. Репродуктивті көрсеткіштің саны 1-ден асып тұр. Қаланың «қызыл» аймаққа өткенін ескеріп, кеше бас санитарлық дәрігермен қосымша шектеу шаралары қабылданды. Олар халық көп жиналатын орындардың, яғни, ойын-сауық орталықтары, сауда орындары, қоғамдық көлік, мектеп, ресторан және клубтар, кинотеатрлар мен фитнес-орталықтар және басқа да нысандардың қызметіне қатысты. Індеттің таралуына жол бермес үшін бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, инфекциялық стационарларда әзірге 720 төсек-орын әзірленген, коронавирус расталған 331 адам, пневмониямен 31 адам емделуде. Барлық стационар медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Резервте 7000 төсек-орын бар, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, зертханалар саны 2-ден 24-ке дейін ұлғайтылды. Онда тәулігіне 13 000-нан астам тест жүргізуге мүмкіндік бар. Бүгінде бас-аяғы бір миллионнан астам тестілеу жүргізілді.

Қазіргі таңда орта есеппен алғанда, тәулігінен 3000-нан 6000-ға дейін зерттеу жүргізілуде. Бұл тұрғындар арасында COVID-19 инфекциясын едәуір анықтауға мүмкіндік берді. ПТР анықтамалары жоқ халықаралық рейстердің барлық жолаушысы карантиндік станционарларға орналастырылуда. Мысалы тек 14 наурызда 4 халықаралық рейс қабылданды, онда 170 азаматтың ПТР анықтамасы болмаған, - деді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы