Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
СOVID-19-ға қарсы шектеу шараларының арқасында елордада коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендегені байқалады. Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қаланың апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 53,96-ны құрайды. Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта тұр. Репродуктивті саны – 0,99. Қалада барлық жастар және контингенттер арасында СOVID-19 жағдайларының тіркелуі жалғасуда. Биыл барлығы 6 707 зертханалық расталған коронавирус жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 68 жағдай тіркеліп, оның 37-сі симптоматикалық жағдай болса, 31-і симптомсыз. Сондай-ақ, вирустың 73 ошағы анықталды, оның 54-і үйден табылса, 19-ы ұйымдастырылған, - деді ол.Қаланың бас санитарының айтуынша, симптомдары бар науқастар саны қаңтар айындағы 65%-дан ақпан айында 68%-ға өскені байқалған. Яғни, 50 жастан асқан адамдарда симптомдармен сырқаттануы 3,5%-ға өскен.
30-39 жас аралығындағы адамдардың сырқаттануы бұрынғыдай тіркелуде (24,8%). 50 жастан асқан адамдардың сырқаттану көрсеткіші – 25,5% болып отыр. Ал вирус жұқтырған балалар үлесі – 14,9%. Жұмыс істейтін азаматтар вирус жұқтыруға неғұрлым бейім келеді. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 48%-ын құрайды. Бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтынын көрсетеді, - деді ол.Қазіргі уақытта вирустың 863 үйден ошағы табылған. Ондағы жақын қарым-қатынаста 2161 адам медициналық бақылауда.