Елордада коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

8 Желтоқсан 2021, 11:56
1757
Бөлісу:
Елордада коронавирус жұқтырғандар азайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, елордада індет жұқтырғандар саны біртіндеп азайып келеді.

8 желтоқсан күнгі жағдай бойынша қалада инфекциялық стационарда 359 адам емделуде. Оның ішінде 40 адам реанимацияда жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратымен 14 науқас тыныстауда. Инфекциялық стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттердің саны өткен айлармен салыстырғанда аз. Осылайша, КВИ-мен ауырғандардың саны 38%-ға, сондай-ақ стационарлық емдеудегі науқастар саны 27% -ға төмендегені байқалады, - деп атап өтті Әлия Рүстемова.

Сонымен қатар медициналық жедел жәрдем қызметіне түсіп отырған қоңыраулар мен шақырулар саны да 27%-ға азайған.

Жақсы көрсеткіштерге қарамастан, АМСК ұйымдары коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсетуді жалғастыруда. Мобильді бригадалар күніне 1000-1200 шақыртуларға шығады, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы