Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті

12 Қыркүйек 2022, 15:58
1811
Бөлісу:
Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті
PHOTO

Нұр-Сұлтанда кореялық опера әншісі Суми Чоның қатысуымен «Гала-опера» концерті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Концерт «Астана Опера» театрының IX маусымының ашылуымен тұспа-тұс келді. Сонымен қатар, концертте қазақстандық үздік солистер де өнер көрсетті. Шара Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2022-2023 жылдардағы мәдени алмасу жылын, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығын, сондай-ақ «Астана Опера» театрының 10 жылдығын мерекелеуге орай арнайы жоспарланған болатын.

Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті

«Грэмми» сыйлығының иегері Суми Чо мен қазақстандық опера әншілері әлемдік үздік шығармаларды орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. Олар В. Беллинидің «Капулетти мен Монтекки» операсынан «Джульетта ариясы», «Ромео мен Джульетта» операсынан «Джульетта вальсі» және т. б. опералық ариялар, сондай-ақ Л. Делибтің «Лакме» операсынан «Гүлді дуэт» сияқты көпшілік сүйетін, кеңінен танымал туындыларды шырқады. 

Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті

Суми Чо жас кезінен бастап әртүрлі әлемдік шығарманы орындап, талантымен ерекшеленді. Ол өзінің талантын үнемі жетілдіруге тырысып, осы күнге дейін ән айтып келеді. Әлемдік музыкалық топтардың жоғары бағасына ие бола отырып, ол опера ариялары, Корей дәстүрлі әндері және т. б. сияқты түрлі жанрдағы жарқын қойылымдарымен тыңдармандарды баурап алады.

Елордада кореялық опера әншісі Суми Чо өнер көрсетті

Біз Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына, сондай-ақ екі ел арасындағы 2022-2023 жылғы мәдени алмасу жылына орай, Нұр-Сұлтан қаласында бүкіл әлем қатысатын бірінші дәрежелі концерт ұйымдастыра алдық деген ойдамыз және қуаныштымыз. Бұл шара екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға көмектеседі деген сенімдемін, – деп атап өтті Корея Республикасы елшілігі Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Өзгелердің жаңалығы