Елордада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт жедел сөндірілді

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

 скрин Бүгiн 2026, 00:50
Бүгiн 2026, 00:50
139
Фото: скрин

Гарнизон диспетчеріне Астана қаласы, Алматы ауданы Айнакөл көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер лафетті оқпанды пайдаланып, өрттің таралуына жол бермей, небәрі 10 минут ішінде жалынды оқшаулады.

Өрттің аумағы – 9 ш.м. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ескертеді: көпқабатты үйлердегі балкон өрттері көбіне отқа абайсыз қараудан немесе жоғары қабаттан тасталған сөндірілмеген темекіден туындайды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз! – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Наверх