«Бомба қойылды». Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен.&nbsp;</h4> <p> <br> <br> </p>

 18 Қаңтар 2021 2021, 10:13
18 Қаңтар 2021 2021, 10:13
2456

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен. 

16 қаңтар сағат 22:03-те елорданың тұрғын үй кешендерінің біріне бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Күдікті ұсталған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр.


Наверх