Елорданың Нұра ауданында алғаш рет көпбалалы аналарға ордендер табысталды,деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
Ел Президентінің Жарлығымен жаңа ауданда алғаш рет көпбалалы 12 әйел мемлекеттік марапатқа ие болды. Олардың бірі 7 баланы тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» алды, қалған аналар 6 баланы тәрбиелегені үшін «Күміс алқаға» қол жеткізді.
Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов аналарды ордендерімен құттықтады.
Бүгін табыстап жатқан медальдар – сіздерге алғысымызды білдірудің бір мүмкіндігі. Біздің ортақ болашағымыз сіздер күнбе-күн беріп жатқан тәрбиеге байланысты. Сіздерге алғысымды білдіремін! - деп атап өтті ол өз сөзінде.
Айта кетейік, Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары 1996 жылдан бастап беріледі.