10 жылға бас бостандығынан айыруға шетелдік компания өкілінен қомақты сомадағы ақша талап еткен алаяқ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан.
Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді.
Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.