Елордада кокаин аналогын сатпақ болғандар ұсталды

14 Желтоқсан 2020, 11:38
1650
Бөлісу:
Елордада кокаин аналогын сатпақ болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз министрліктің дәстүрлі онлайн брифингінде айтты. 

ІІМ Нұр-Сұлтан қаласына кокаиннің синтетикалық аналогын жеткізу арнасының жолын кесті. Министрліктің әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері тұрғындардан есірткі мен психотроптық заттарды сату туралы жедел ақпарат алған.Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шаралары мен үйді тінту барысында күдіктілерден психотроптық зат -кокаиннің синтетикалық аналогы тәркіленді, - деді Нұрділда Ораз. 

Ол атағандай, тергеу барысында елорданың 32 жастағы тұрғыны Алматыдан психотроптық заттарды жеткізуді және оларды интернет-ресурстарды пайдалана отырып, Нұр-Сұлтанда сатуды ұйымдастырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта төрт күдікті, оның ішінде 25 жастағы қыз ұсталып, екі мегаполистегі УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 297-бабының 3- бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Аталған қылмыс үшін жаза мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.Тергеу жалғасуда, - деді Нұрділда Ораз.

Өзгелердің жаңалығы