Елордада қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жүретін болады

25 Желтоқсан 2020, 10:27
1363
Бөлісу:
Елордада қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жүретін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоғамдық көлік мереке және демалыс күндері де жүретін болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Оның айтуынша, қалада соңғы екі аптада эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» ауысты. Соған байланысты елорданың кейбір нысандарының жұмыс кестесі қайта қаралды.
Қоғамдық көліктің кестесі таңғы сағат 6:00-ден кешкі 23:00-ге дейін бекітілді. Соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жасалып, қоғамдық көлік ішінде әлеуметтік арақашықтық пен бетперде кию секілді санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс, - деді Жанна Пірәлиева.
Бас санитар дәрігердің мәліметіне сәйкес, соңғы екі аптада науқастар жайғасқан ауруханадаға төсек-орын саны 41 пайыздан 36-ға төмендеді. Эпидемия басталғалы бері елордада вирустың 17972 жағдайы тіркелді, оның 92 пайызы, яғни 16465 науқас сауықты. Қайтыс болғандар саны - 359. 

Өткен тәуілікте 3712 ПТР сынасы өткізіліп, оның 60-сы оң нәтиже көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы