Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі. Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн. Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге ТЖД мен мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады. Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.Қалалық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да көпшілік жиналатын орындар басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды.
Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі. 5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы керек.