Елордада карантин талаптарын бұзған моншалар мен дәмханалар анықталды

11 Шілде 2020, 09:20
1851
Бөлісу:
Елордада карантин талаптарын бұзған моншалар мен дәмханалар анықталды
PHOTO VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың полицейлері кезекті рейдтік-тексерулерін жүргізді. Бұл жолы олар карантиндік талаптарды сақтамаған қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен моншаларды аралап көрді.

Нұр-Сұлтан қаласының құқық құрғау органдары өкілдерімен бірге санитарлық-эпидемиология мамандары, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары, қалалық әкімдік пен БАҚ өкілдерімен бірге жүрді.

TEMA6763.jpg
Өздеріңіз білесіздер, 5 шілдеден бастап комиссияның шешімімен екі апталық карантин енгізілді. Сондықтан полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері жергілікті рейдтік шаралар өткізіп жатыр. Сонымен қатар, мекемелердің қожайындарына және азаматтарға қатаң шектеулі карантиндік шараларды сақтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Карантин басталған бес күннің ішінде тиісті рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз өткізген 27 азаматты ұстады. Дәрі-дәрмектер тәркіленді, қажетті деректер Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Тәркіленген препараттардың жалпы сомасы 12 миллионнан астам теңгені құрайды. Барлық дерек тіркелген, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Марат Өмірбаев.
TEMA6768.jpg

Рейд барысында полиция қызметкерлері Есілдің жағалауындағы бірқатар дәмхана мен мейрамхананы тексеріп, бұл мекемелердің иелерімен карантин режимін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

TEMA6829.jpg
Сонымен қатар, азаматтармен карантинді сақтау және жеке қорғаныс құралдарын кию қажеттілігі туралы профилактикалық түсіндірулер өткізді.

TEMA6773.jpg

TEMA6846.jpg
Елорданың бас санитарлық инспекторының қаулысына сәйкес, сақталуға тиісті барлық шара нақты көрсетілген. Мысалы, жазғы дәмханалар кешкі 20:00-ге дейін, ал жеткізу қызметіне 21: 00-ге дейін рұқсат етілген. Тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендері 20: 00-ге дейін жұмыс істейді. Алайда, кеше санитарлық дәрігердің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес супермаркеттердің жұмысы 21: 00-ге дейін ұзартылды, - деді Марат Өмірбаев
TEMA6813.jpg

TEMA6801.jpg

Нұр-Сұлтан қаласынының Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, 5 шілдеден бастап рейдтік іс-шаралар барысында ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзуының 60-тан астам дерегі анықталған.  

TEMA6826.jpg

TEMA6798.jpg
Әрі қарай шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданады. "102" нөміріне елорда тұрғындары тарапынан карантин режиміне қарамастан кейбір мекемелер жұмысын жалғастырып жатыр деген қоңыраулар түсіп тұрады. Біз оларға азаматтық позициялары үшін алғыс білдіреміз. Мәселен, астаналық тұрғын бізге қоңырау шалып, Бейбітшілік көшесіндегі дәмхана түнде жұмыс істейтінін айтты. Рейд  барысында бұл мекеменің карантин режимін бұзып, жер астында жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге қарамастан Алматы ауданында жұмыс істеп тұрған дәмхана мен монша анықталды. Тексеру барысында клиенттің моншаны екі сағатқа жалға алғандығы анықталды. Монша әкімдігі мұны мойындады. Елордалық мейрамханалардың бірінде туған күнін тойлау кезінде карантин режимін бұзу фактілері де кездеседі. Бұл материалдардың барлығы тиісті органдарға тапсырылды, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің  баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.
TEMA6819.jpg



Өзгелердің жаңалығы