Елордада Jas sarbaz – Jastar jylynda жобасының салтанатты жабылуы өтті

28 Қазан 2019, 22:38
1690
Бөлісу:
Елордада Jas sarbaz – Jastar jylynda жобасының салтанатты жабылуы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында "Jas sarbaz – Jastar jylynda" жобасының салтанатты жабылуы өтті.

Іс-шара аясында күзгі әскери-қолданбалы спорт түрлері мен әскери-патриоттық әндер конкусы жеңімпаздары және қозғалыс белсенділері марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ісшара «Жастар жылына» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен өткізілді.

«Jas sarbaz – Jastar jylynda» кешенді жобасы аясында №68665 әскери бөлімшесінде 3 күндік күзгі әскери-патриоттық ойындары, мектептер мен лицейлерде жеңіл атлетикадан марафон жарысы, футбол және волейбол сайыстары өткізілді. Ал аумақтық соғыс ардагерлерімен кездесу ісшаралары ұйымдастырылып, онда оқушылар еліміздің қазіргі заман тарихының қызықты мәліметтеріне қанықты.

Аталған ісшараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қ. Қорғаныс істері департаменті басшылығы, Нұр-Сұлтан қаласы «Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Талғат Рахманберды, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, «Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Шынғыс Тлеулин,  «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы – Асхат Налшыбек қатысты.
«Елорданың дамуында тек билік өкілдері ғана емес жастардың да атқаратын рөлі зор. Осы жылы астаналық жастарға арналған және жалпы Жастар жылына арналған 600-ден астам шара өткізу жоспарлануда. Бас қалада 6 мыңға жуық жас сарбаз бар, олардың бәрі еліміздің болашағы. Жастарды қолдау басқармасын басқарғандықтан сіздермен тікелей жұмыс істеуге және жастардың бастамасын қолдауға дайынбыз», - деді қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді
.

Жобаның жабылу салтанаты әскери-патриоттық әндер конкурсымен аяқталды. Жарыс жеңімпаздарынан басқа қазылар алқасы жас патриоттар арасынан үздік тәрбиеленушілерді де марапаттады.
«Жас сарбаздар» дайындық пен патриотизмнің, жеңіске деген жігердің жоғары дәрежесін көрсетті. Күзгі әскери-патриоттық жарыстардағы тәрбиеленушілердің көрсеткен үздік нәтижелерін айта кетуіміз қажет. Бүгін біз жас патриоттарымызды марапаттай отырып, олар еліміздің болашағын көркейтуге өз үлестерін қосады деп сенеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы Ерболат Жүсіпов


Өзгелердің жаңалығы