Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзербайжан азаматы Бакуде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Баку қаласының аумағында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер, Әзербайжан республикасының 29 жастағы азаматы анықталды.
Ол 2022 жылдың ақпан айында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды. Ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін асыра пайдаланып, ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттарды зиянкестердің әрекеттерінен қорғау сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген, - делінген хабарламада.
Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешілуде.
Биылғы жылдың 2-6 қыркүйегі аралығында Астанада көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.