Елордада профессордың 75 жылдығына арналған халықаралық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның көрнекті режиссерлері жиналды. Белгілі кинотанушының әріптестері, туыстары мен шәкірттері де естелік айтты. Бауыржан Нөгербек бірнеше моно-графия мен 250 мақаланың авторы. Шығармалары 7 тілге аударылған.
Ерекше атап өткім келеді ол 1984 жылы "Ертегілерлерге жат біткенде" монографиясын жазған болатын және ол еңбек өкінішке қарай 39 жыл болды, әлі де жалғыз еңбек болып саналады. Монографиялық еңбек анимация тарихына арналған, - дейді Б. Нөгербектің ұлы, кинотанушы Баубек Нөгербек.
30 жыл бұрын Бауыржан Нөгербектің жетекшілігімен елде тұңғыш кино кафедрасы ашылған болатын.
Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек ол осы қазақ киносының тарихында жалпы қазақ кинотану ғылымының негізін қалаған, басында тұрған ұстаз деп білеміз. Өйткені осындай бір мамандықтың негізін қалап, мамандардың басын топтастырып, осындай кинотану бөлімін ашқан болатын. Соның алғашқы шәкірттерінің бірі мен боламын. Бізден кейін де осы Астана қаласында Өнер университетінде де осындай мамандықты ашты. Т. Жүргенов атында да 1993 жылы кинотану мамандығын ашты. Бұл жалпы нық сеніммен кәсіби кинотану ғылымының негізін қалаған ұстаз деп біз айта аламыз,- дейді "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли.