Елордада грек-римнен халықаралық турнир өтеді

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. </h4> <p> </p>

4 Мамыр 2021 2021, 21:07
АВТОР
 4 Мамыр 2021 2021, 21:07
4 Мамыр 2021 2021, 21:07
1087

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей,Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

 



Наверх