Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

22 Маусым 2023, 15:53
687
Бөлісу:
Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр
Фото: Ұлттық ғылыми онкология орталығының баспасөз қызметі

Елордада еліміздің гепатологтары мен гастроэнтерологтарының VI Ұлттық конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конгресс жұмысына отандық мамандармен қатар, АҚШ пен Германия профессорлары қатысуда.

Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

Елдің барлық өңірінен бауыр ауруларын емдейтін дәрігерлердің басын қостық. Аталмыш шара гастроэнтерологтар: Бибігүл Ілиясованы және Юрий Шумковты еске алуға арналып отыр. Бізге мұндай кездесулер гепатология және гастроэнтерология саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланады. Медицина ғылымының қарқынды дамуы бауыр ауруларын диагностикалауда және емдеуде, оның ішінде озық кезеңдерде бауыр трансплантациясы қажеттілігіне жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп атап өтті ДСМ бас штаттан тыс гастроэнтеролог-гепатолог дәрігері Күлпаш Қалиасқарова.

Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

Қатысушылар қатарында сондай-ақ республиканың түкпір-түкпірінен гастроэнтерологтар, инфекционистер, гепатологтар, УДЗ дәрігерлері, эндоскопистер, онкологтар, хирургтар, трансплантологтар, терапевттер және жалпы практика дәрігерлері тіркелген.

Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

Соңғы деректерге сәйкес, бауыр аурулары халыққа күрделі проблема тудырып отыр. Қазіргі уақытта халықтың 15 пайызы бауырдың созылмалы ауруы, соның ішінде цирроз бен гепатиттен зардап шегуде. Бұл сандар өте қорқынышты әрі ғылыми қауымдастық тарапынан тікелей әрекет етуді талап етеді. Алайда гепатологиялық ауруларды емдеу саласында қол жеткізген үдерісті атап айтқан жөн. Жаңа технологиялар мен инновациялық әдістердің арқасында соңғы жылдары гастроэнтерологиялық ауру кезінде өлім-жітімнің төмендеуі байқалып отыр. Оң нәтижесі осы салада әрі қарай жұмыс істеуге ынталандырады, - деді Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Шалекенов. 

Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

Конгреске жиналғандар екі күн бойы панельдік сессияларға, семинарларға қатысу арқылы гастроэнтерология және гепатология саласындағы білім деңгейін арттыруға мүмкіндік беріледі.

Елордада гепатологтар мен гастроэнтерологтардың ұлттық конгресі өтіп жатыр

Сондай-ақ іс-шараның соңғы – үшінші күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында GHTG.KZ «Гастроэнтеролог мектебі» аясында шеберлік сағаты өтеді. Онда Германияның Ахен университеттік емханасынан арнайы келген гепатолог, гастроэнтеролог дәрігер Қаһарман Есмембетов УДЗ диагностика бойынша саладағы соңғы емдеу үлгісімен бөліседі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы