Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оған еліміздегі ең үздік деген 70-ке жуық спортшы жиналған болатын. Екі күнге созылған бәсекеде ересектер бөлек, жасөспірімдер бөлек сынға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нәтижесінде, Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері үздіктер қатарынан табылды.
Айта кетейік, бұндай ауқымдағы жарыс астанамызда алғаш рет өткізіліп тұр. Енді алдағы уақытта осы дәстүрлі өткізіп, жарыс ауқымы мен бадарламасын ұлғайту жоспарланып отыр.
«Бұл жарыс кәсіпқой спортшылар үшін халықаралық жарыстар алдындағы дайындық іспетті. Өзара тәжірибе алмасып, қарым-қабілеттерін байқайды. Енді ескек есу шеберлері Теміртауда өтетін ел чемпионатына қатысады. Одан кейін құрлықтық және әлемдік додалар күтіп тұр», дейді академиялық ескек есуден аға жаттықтырушы, Наталья Лобищева.