Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған «Атырау көпірінде» өткізілді.
Полиция департаменті хабарлағандай, іс-шара «COVID-19» таралуына байланысты карантин жағдайында есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізу мақсатында өткізілді.Оған полиция қызметкерлерімен бірге қала әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы, «Астана жастары» КММ және «Қазақстан-есірткіге қарсы» ҮЕҰ қатысты.
Елордалықтар мен қала қонақтарына «Есірткіге-жол жоқ» символдық логотипімен 3 мың дана медициналық бетперде тегін таратылды. Өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ. Жаяу жүргіншілерге арналған «Атырау көпірі» ол елордада адамдар көп жүретін әрі елордалықтар мен қала қонақтары тамашалауға келетін орындардың бірі болып табылады.
Осыған ұқсас акциялар Қазақстанның көптеген өңірлерінде өткізілуде және халық оң бағасын беріп жатыр.
Бетперденің сапасы жақсы, көп мәрте қолдануға ыңғайлы, есірткіге деген ымырасыздықты білдіретін логотип бейнеленген. Акция барысында тәртіп сақшылары волонтерлармен бірлесіп есірткінің зияндылығы туралы түсіндірді, есірткіге қарсы бағыттағы өнімді және полицияның сенім телефондары көрсетілген буклеттерді таратты.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында бетперде тақпаған азаматтарға айыппұл салынған жоқ, керісінше коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында қауіпсіздік шараларын бұлжытпай сақтау қажеттілігі түсіндірілді.