Елордада есірткіге қарсы акция өткізіледі

19 Маусым 2024, 19:12
452
Бөлісу:
Елордада есірткіге қарсы акция өткізіледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

26 маусым Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні аталып өтеді. Осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» есірткіге қарсы ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана – есірткісіз қала!» акциясы 22 маусымда «Хан Шатыр» СОО-да сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Оған қазақстандық эстрада мен спорт жұлдыздары, спорттық, вокалдық және би ұжымдары қатысады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болып саналады.

Акцияға қатысушыларға Кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттерімен кинологтардың жұмысы көрсетіледі.

Сондай-ақ акцияның барлық белсенді қатысушылары үшін викториналар, спорттық жарыстар, сыйлықтар ұйымдастырылады.

Іс-шара шеңберінде елорда аумағында нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Іс-шара елорда әкімдігінің, психикалық денсаулық орталығының, АИВ-инфекцияларының алдын алу орталығының, «Ренессанс» оңалту орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы