Елордада есірткі сатқан дәмхана анықталды

3 Қыркүйек 2022, 01:35
960
Бөлісу:
Елордада есірткі сатқан дәмхана анықталды
VIDEO

Елорда дәмханаларының бірінде гашиш "ыстық бәліш" кодтық сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы жедел-тергеу әрекеттерінің ұзақ кешені барысында арнайы операция жүргізілді, соның нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізудің “арнасы” жойылды. 

Үй тағамдары әзірленетін кафелердің бірінде есірткі сатқаны үшін 52 жастағы иесі ұсталды. Ол өз мекемесінде “ыстық бәліштер” деген кодпен есірткі затын сатқан. Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған “гашиш” салынған 56 қағаз орамасы табылды. Сол жерден есірткі сатудан алынған 2,5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражат табылды. 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмнан астам сатуға дайындалған гашишті құрады. 

Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар есірткі қылмыстарына қатысқандарды анықтау бойынша тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы