Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Жетістіктің 70 жылдығы": ҚХР құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.
"Жетістіктің 70 жылы" көрмесіне келушілер жарқын фотосуреттер арқылы Қытай халқының өткен 70 жылдықтағы тамаша өмір үшін күресі мен ұлы мұраттар, Қытайға тән жаңа дәуір социализмін құру және оның сәтті тәжірибесіне куә бола алады.
Бұл фотокөрменің мақсаты – уақыт ағынындағы түрлі халықтардың өткенін, бүгіні және болашағын көрсету.
Көрменің ашылуында сөз алған ҚР ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо университте екінші рет қонақ ретінде келіп отырғанын айтты.
Құрметті Ерлан Батташұлы, ұстаздар, студенттер мен достар, осынау дәрежесі жоғары аудитория алдында сөз сөйлеу мен үшін мәртебе. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақстандағы ең беделді, ал шет елдердегі танылмалдығы жоғары оқу орнының бірі. ЕҰУ-ні екінші рет қонақ ретінде келіп тұрмын. Алғаш рет келгенде университеттің ғылыми-ағартушылық атмосферасы мен студенттердің жұмыла істеген жұмысына таңқалған болатынмын. Ал университеттің бас корпусының сәулеті көлемі мен көркемдегімен кімді болсын таң қалдырады, - деді елшісі Чжан Сяо.
Дипломат университет жанында Конфуций Институтының бесінші жыл қатарынан жұмыс істеп жатқанын айтты.
Университеттің бірнеше қытайлық ЖОО-мен тығыз жұмыс істеп, делегация, лекция, жобалармен жүйелі түрде алмасып отырғанынан хабардармын. Бұл екі жаққа да өте пайдалы жүйе. Сонымен қатар Университет жанындағы Конфуций Институты осымен бесінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Институт өзін қытай тілі мен мәдениеттің кең таралуына және екі елдің маңызды мәдени элементтерімен алмасуына өз септігін тигізуде, - деді ҚР ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.
(Қытай ғылыми-техникалық жұмыстарға үлкен мән береді. 1978 жылғы наурызда Қытайда ғылымды дамыту мәселелері бойынша бүкілқытайлық кеңес өтті. Суретте мақтау қағазын алған ғалымдар)
Қытай құрылған 70 жыл ішінде халықтың бірлігі, экономиканың өсуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы және басқа да жетістіктермен ерекшеленді.
Бүгінде Қытай – бейбітшілік, даму, серіктестік және тиімділік тұжырымын ұстанатын мемлекет. Ол үнемі әлемнің дамуына ақылы мен күшін қосып, түрлі халықтар мен адамзаттың бірыңғай тағдыры қауымдастығын түзіп, керемет болашақ құруға ат салысады.
ҚХР 70 жылдығына орай елде және шет елдерде түрлі шара өтеді. Көрмені Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Павлодардың тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
Қазақстандағы Қытай Халық Республика елшілігінің ұйымдастыруымен өткен көрменің ашылуына университет ұстаздары мен студенттері қатысты.