Елордада ер азамат 4 рет ұрлық жасаған

18 Маусым 2022, 14:45
1254
Бөлісу:
Елордада ер азамат  4 рет ұрлық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ақша мен азық-түлік ұрлады деген күдікпен тұрақты мекенжайы жоқ 37 жастағы ер адамның жеке басын анықтады, деп хабарлады  Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ұрлық туралы полицияға Жұмабаев көшесіндегі "Жерұйық" саябағында орналасқан "Браун" кафесінің иесі хабарлады, ол келесі күні үй-жайға біреудің заңсыз кіргенін байқаған.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің түнде жабық тұрған кафеге  келгенін анықтады. Құлыпты бұзу арқылы ішке кедергісіз кірген. Өзін жазаланбайтын сезініп, ол таңертеңге дейін тағы үш рет біреудің меншігіне басып кірген. Бір түнде ұры кассадан қолма-қол ақша мен тамақ ұрлап үлгерген. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуға және объектілерді күзет сигнализациясымен және бейнебақылау камераларымен жарақтандыруға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы