Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың қалалық кезеңі құжат қабылдауды бастады, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
«Жыл сайынғы «Еңбек жолы» байқауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді іске асыруды мақсатында, жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізілмек. Конкурсқа кәсіпорындардың кез келген саладағы барлық қызметкерлері қатыса алады. Байқау 3 номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі мен ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» - еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады», - делінген таратылған ақпаратта.Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 31 шілдеден 12 тамызға дейін жүзеге асырылады.