Елордада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

14 Шілде 2023, 16:50
682
Бөлісу:
Елордада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Елордада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған кездесуге Энергетика мен Қаржы министрліктерінің, QazIndustry АҚ, тау-кен компанияларының басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», «Қарашығанақ», «Петролиум Оперейтинг Б.В.», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өкілдері және отандық өндірушілер қатысты.

Елордада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

Осы кездесудің негізгі мақсаты – жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында елішілік құндылықты дамытудың жолдарын талқылау. Мұндай форматтағы кездесу бірінші рет өтіп отыр. Алдағы уақытта сіздердің қызметтеріңіз менің жеке бақылауымда болады. Өйткені бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың берген тапсырмасының шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыс. Қыркүйектің басында біз тағы да кездесіп, осыған байланысты сіздерден жедел жұмыс пен нақты көрсеткіштерге қол жеткізуді талап етемін. Барлық қолға алынған бастама халықтың игілігі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет, - деді М.Қарабаев.

Елордада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

Талқылау барысында отандық тауар өндірушілер ірі жер қойнауы пайдаланушылары тарапынан өнімді өткізу үшін келісімшарттар жасасуға кедергі келтіретін өзекті мәселелерді жеткізді.

Елордада елішілік құндылықты дамыту жөніндегі кеңес өткізілді

Кеңес соңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі аталған ұсыныстар мен мүдделі тараптардың ескертулерін ескеріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы