Елордада электробустар іске қосылды

2 Қаңтар 2020, 13:54
4283
Бөлісу:
Елордада электробустар іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 100 электр автобус Нұр Сұлтан көшелерімен жүретін болады. Қазірдің өзінде 15 автобус бірнеше бағыт бойынша қатынауды бастады. 

80992651_3296957287044644_8451559537520934912_n.jpg

Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram ресми парақшасында хабарланды.

81270280_3296957720377934_8902501799039074304_n.jpg

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов электрлі автобустардың техникалық жағдайымен және сипаттамасымен танысты.

81387551_3296956900378016_1054645136681598976_n.jpg

Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және жайлы электр автобустарының артықшылығы - атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы, сонымен қатар олардың жұмысындағы үнемділік, автобустар парктеріне дизельдік аналогпен салыстырғанда отынның 80% үнемдеуге мүмкіндік береді, - делінген әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

81599659_3296957157044657_7837056365796261888_n.jpg

Әкімдік өкілдерінің мәліметіне қарағанда 15 электробус жолға шыққан, олар тәулігіне тек бір рет зарядталады.

81510745_3296957443711295_492175824460447744_n.jpg

Өзгелердің жаңалығы