Елордада "Экомектеп" инновациялық білім беру курсы таныстырылды

3 Мамыр 2024, 18:50
461
Бөлісу:
Елордада "Экомектеп" инновациялық білім беру курсы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада экологиялық білімді насихаттауға арналған "Экомектеп" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елордада "Қазақстанда экологиялық ағартуды ілгерілету" тақырыбында конференция өтті. Шараға ғалымдар, экологтар, мектеп директорлары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Елордада "Экомектеп" инновациялық білім беру курсы таныстырылды

Жиында көпшілікке "Экомектеп" инновациялық білім беру курсы таныстырылды. "Экомектеп" кітабы – 1-4 және 5-9 сынып оқушылары үшін арнайы әзірленген бірегей кітап. Ол қоршаған ортаның әртүрлі тұжырымдамаларын, практикалық кеңестерді, нұсқауларды түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынады. Қазақстан экоқорының жетекшісі Айгүл Абдуалиева аталған іс-шараның ерекшелігін және жастардың экологиялық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Экомектептің мақсаты – оқырмандарды іс-әрекетке шабыттандыру және ынталандыру. Бұл кітап тек ақпарат беріп қана қоймайды, ол сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өзгерістерге әкеледі. Кітап күнделікті әдеттерді экологиялық тұрақты өмір салтына өзгертуге көмектесетін практикалық кеңестер мен нұсқауларды ұсынады. Біз әрбір кішкентай әрекеттің біздің ғаламшарымыз үшін үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін деп санаймыз және баршаны қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлестері туралы ойлануға шақырамыз, - деді Айгүл Абдуалиева.

Айта кетсек, бұл іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен "Азаматтық қолдау орталығы" КеАҚ қолдауымен Қазақстанның Экологиялық қорының "Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы экологиялық жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар" атты жобасы аясында жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы