Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада екі айда есірткіге қатысты 200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді

23 Тамыз 2025, 21:46
453
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Астана қаласы полиция департаментінде "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі айлық қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткіге қарсы ауқымды іс-шара елордада 2025 жылдың 1 маусымынан 31 қазанына дейін жүргізіліп жатыр.

Кеңес барысында іс-шара басталғалы екі ай ішінде 201 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелгені айтылды. Заңсыз айналымнан 300 келіден астам әртүрлі есірткі заты тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар есірткі сату жөнінде ақпарат таратқан 302 интернет-ресурс бұғаттауға жолданды, дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, әкімшілікпен, мүдделі органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, іс-шара барысында 128 профилактикалық шара өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы