Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов АҚШ-тан күміс медальмен оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Астана халықаралық әуежайында оны туыстары мен әріптестері қарсы алды.
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Әріптестеріме қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Мен үшін ең бастысы – армия спортшыларының жас буынына үлгі көрсету. Спортшы үшін Қазақстанның туы көтеріліп, Мемлекеттік әнұран орындалған сәт – ең үздік марапат екеніне сенімдімін. Өткен жылы Абу-Дабидегі әлем чемпионатында үшінші, биыл екінші орын алдым. Келесі жылы алтын медальмен оралсам деген үмітім бар, - деді полковник Арман Әбеуов.
Естеріңізге сала кетейік, Las Vegas World Championships veterans 2024 турнирінде 69 елден 1275 спортшы өнер көрсетті. Жарыс 35 жастан асқан және одан жоғары жеті салмақ және жас санаттары бойынша өтті.
Полковник Арман Әбеуов 100 келіден астам салмақ дәрежесінде бақ сынады. Финалға жету жолында ол Бразилия, Португалия, АҚШ және Канададан спортшыларынан басым түсті.
Шешуші жекпе-жекте былтырғы әлем чемпионы бразилиялық Рекардо Ферреироға есе жібері.