Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарының есігі екпе аламын деушілерге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».&nbsp;</h4>

 24 Сәуір 2021 2021, 08:43
24 Сәуір 2021 2021, 08:43
1447

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарының есігі екпе аламын деушілерге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Егу орталықтары бүгін және ертең, яғни, жексенбіде де жұмыс істейді. Халықты вакциналау таңертеңгі 08:00-ден түн ортасына дейін жалғасады. Азаматтардың қай медициналық мекемеге тіркелгені маңызды емес. Тек қолында жеке куәлігі болуы тиіс. Сауда орталығында коронавирусқа қарсы екпені тегін қабылдай аласыз.


Наверх