Елордада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 25-26 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 22 Қаңтар 2025 2025, 19:23
22 Қаңтар 2025 2025, 19:23
560

Астанада 25-26 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Наверх