Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейеді

10 Шілде 2020, 06:23
1638
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана - адалдық алаңы" екі күн ішінде 15 дәріханаға тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, елордалық дәріханаларға тексеру жүргізуді жалғастыруда. Бейсенбі күні рейд IKOMEK 109 байланыс орталығына түскен мекен-жай бойынша өтті.

Атап айтсақ, "Murat-Farm 35" дәріханасында қала тұрғынына 90 мг "Ингаверинаны" 7 мың теңгеге сатқан. Бұл дәрі-дәрмектің dari.kz ресми сайтында құны 5 940 теңге мөлшерінде көрсетілген.
Жеңіс даңғылы 26а мекен-жайындағы дәріханада қала тұрғыны 16 310 теңгеге 30 мг "Дайвобет" жақпа майын сатып алған, бірақ белгіленген баға 9 435 теңгені құрайды. 

Дәріхана сатып алушыға артық төлеген ақшасын қайтарды.

Бұл жерде дәрілік препараттың бағасы 6 мың теңгеге өскен. Қазір біз тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне осы мекемені бақылауға алуды және олар сататын барлық тауарларды толық тексеруді тапсырдық, – дейді "Астана – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.
 


Мониторинг нәтижелері нақты шара қабылдау үшін жауапты органдарға жіберілетін болады. 

Дәріханаларды тексеру бойынша рейдтер жалғасуда. Сонымен қатар барлық азаматтардан дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберулерін сұраймын. Қазіргі уақытта медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру - құқық бұзушылық болып саналады, – деп атап өтті "Астана-адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Мирас Шекенов. 
 


Дәріхана басшыларына бағаны көтерудің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Дәрі-дәрмектің бағасына күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады.
Өзгелердің жаңалығы