Елордада бұрынғы күйеуі әйелінің үйін тонап кеткен

29 Тамыз 2024, 15:09
486
Бөлісу:
Елордада бұрынғы күйеуі әйелінің үйін тонап кеткен

Елордада бұрынғы күйеуі тұрмыстық техника ұрлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық жәбірленушінің пәтерінде болған. Ер адам бұрынғы жұбайының үйіне жеке заттарын алуға келген. Алайда, сәтті пайдаланып жатын бөлмеге жасырын кіріп, құны 120 мың теңге тұратын «Samsung Galaxy» маркалы планшетін ұрлап, кейіннен оны сатқан. Планшеттің жоғалғанын байқаған әйел, дереу полицияға хабарласқан.

Жедел іс-шаралар барысында «Есіл» аудандық ПБ қызметкерлері 44 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған планшет тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Астана қаласы Полиция департаменті сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Құнды заттарыңызды үйде бөгде тұлғалар болған кезде қараусыз қалдырмаңыздар, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы