Елордада бүгіннен бастап СОО, кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді

2 Тамыз 2021, 14:00
4954
Бөлісу:
Елордада бүгіннен бастап СОО, кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта елорданың бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі жазылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
 

Жаңа қаулыға сәйкес, дәріханалардан, азық-түлік дүкендерінен, байланыссыз жолмен қызмет көрсететін нысандардан және «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандарының көпшілігінің жұмысына тыйым салынғанын айта кету керек.

Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен қала орталықтарына кіру тек Ashyq жүйесіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл нысандардың жұмыс кестесі - таңғы сағат 7-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар сенбі және жексенбі күндері бұл нысандардың жұмысына тыйым салынады.

 

Фудкорттар жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынған. Ал дүйсенбі-жұма күндері адам санын 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істей алады. Жұмыс және демалыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін тамақ жеткізуге және өзімен алып шығуға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар мен ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады, — делінген қаулыда.
 

Сонымен қатар Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары — мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, асханалар орналасқан жеріне қарамастан тамақ жеткізу немесе алып шығу қызметтерін көрсете алады. Ashyq жобасына қатысушыларға тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте мекеменің ішінде және ашық ауада толтырылуы 50 пайыздан аспауы керек, бірақ орындар саны 50-ден асып кетпеуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы