Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқи отырыңыз:
«Бүгін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп отырмыз. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осы уақыт аралығында жәрмеңкелер арқылы 5 мыңға жуық жас жұмыс тапты. Бұл тәжірибе ары қарай да жалғаса береді. ЕҰУ – жастардың ең көп шоғырланған орталығы. Сол себепті осы университет қабырғасында өткізуді жөн көрдік. Бұл жәрмеңке жыл соңына дейін өзге оқу орындарында да жалғасады», - деді Рахманберді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – ЖОО мен елорда жастары арасында жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге 30-дан астам жұмыс беруіші қатысты. Атап айтқанда, банк, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету саласы және т.б.