Астана қаласында өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер:
- Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;
- Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) толық жабылады;
Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытына дайын болулары ұсынылады. Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз және баршаңызды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, іс-шараның ұйымдастырушысы – Heart Center Foundation қоғамдық қоры.