Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 10 көшенің бойындағы жол белгілері мемлекеттік стандартқа сай емес. Бұл туралы "Жол активтері ұлттық сапа орталығының" Нұр-Сұлтан қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
"Жол активтері ұлттық сапа орталығының" Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандары арнайы тексеріс барысында осыған көз жеткізді. Жол белгілерінің жарыққа шағылысуы, көлемі талапқа сай емес. Қалай болса солай жасалған.Көзгее бірден түспейді. Тіпті жүргізушілер "Қауіпті бұрылыс" деген белгіні көрмей, жол шетіне түсіп кеткен кездер жиі тіркеледі.Мәселен "Казгерстрой" ЖШС мердігер компаниясының А.Байтұрсынов көшесінде орнатқан 12 белгісінің 12-і және Сарайшық көшесінде орнатқан 17 белгінің 17-сі де талапқа сай болмай шықты. Әкімдікке арнайы нұсқаулықтар берілді.
Жалпы,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасына қарағанда, Қазақстан көлік апатының зардабын тарту бойынша 1-орын алады. Яғни біздің жолдар жыл сайын 3000-нан астам адамның өмірін жалмайды. 30 мыңнан астам адам жарақат алады. Осы ретте жол салып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін компаниялар сапаға баса назар аудару керек. Қаншама жолаушының тағдыры тұрғанын естен шығармауы тиіс!