Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада бірнеше автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгерді

14 Маусым 2025, 11:51
535
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Астанада тоғыз автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Уақытша өзгерген бағыттар: №7, 39, 41, 43, 45, 53, 81, 120 және 120А.

Сонымен қатар «Орда базары», «Көк базары», «Магнум гипермаркет» аялдамаларына баратын жол жабық. Осыған байланысты №59, 307 және 317 автобустар аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша тоқтатты.

Маршруттардың жаңартылған қозғалыс сызбаларын мына жерден көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы