Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов жауап берді.
Оның айтуынша, елордада карантин талаптарының сақталуын қадағалау кезінде кәсіпкерлік нысандар таңдап тексерілмейді.
Негізінен шағымдар 102 нөміріне тұрғындардан түседі, әлеуметтік желіден де ақпарат аламыз. Тұрғындар тарапынан түскен арыздардың барлығы тексеріледі. Жедел әрекет ету арқылы нысандарға монитрингтік топ өкілдерімен бірге қызметкерлер аттанады. Ешбір нысан иесі немесе атына байланысты тексеру шараларынан тыс қалған жағдайлар болған емес, -дейді ол.
Оның айтуынша, тексерілуі тиіс кәсікерлік нысандары атауының тізімі жоқ.
Бас санитар дәрігердің Қаулысына сәйкес, қандай нысандарға шектеу шаралары қойылды, оның ішінде ойын-сауық нысандары ғана емес, фитнес орталықтары, қызмет көрсету секторы бар. Барлығының да өздеріне жүктелген міндет пен талапты орындау, уақыт кестесіне сай жұмыс істеу, санитарлық талаптарды сақтау, клиенттер арасындағы әлеуметтік арақашықтыңтың болуы назарға алынады. Қаладағы шектеу шараларының талабы қойылған барлық нысандар бақылауда, - дейді ол.