Елордада «Бір мүмкіндік» сайысы өтеді

4 Желтоқсан 2021, 19:24
1819
Бөлісу:
Елордада «Бір мүмкіндік» сайысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен және «Мирас – А» қайырымдылық- қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі аясында «Бір мүмкіндік» республикалық сайысы өтеді.

Бұл жобаның мақсаты 35 жастан асқан өнерлі жандарға бір мүмкіндік беру.

Шынайы талантты болғанымен кезінде кәсіби сахна төріне шыға алмаған жандарға мүмкіндік беріп, мерейін өсіру - басты мақсатымыз. Мерейі асқақ адамның қоғамға, отанға берері зор. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, ұмытыла бастаған әуендерді де қайта жаңғыртқымыз келеді. Бұл сайысқа ерекше қажеттілігі бар азаматтар да қатыса алады, - дейді жоба ұйымдастырушысы Камшат Рахымбаева.       
Елордада «Бір мүмкіндік» сайысы өтеді

Конкурс дәстүрлі ән, эстрадалық ән, аспапта орындау шеберлігі, авторлық шығармашылық сияқты 4 бағыттан тұрады.

12 желтоқсанда іріктеу конкурсы өтіп, 13 желтоқсанда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен Гала-концерт Музыкалық балалар және жасөспірімдер театрында өтеді.                          

Өзгелердің жаңалығы