Елордада "Байқоңыр барысы-2021" турнирі өтті

12 Желтоқсан 2021, 10:45
1502
Бөлісу:
Елордада "Байқоңыр барысы-2021" турнирі өтті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық "Байқоңыр" ауданының әкімдігі қазақ күресінен "Байқоңыр барысы-2021" турнирін өткізді. 

Спорт жарыстары "Өндіріс" тұрғын алабындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп, өз алаңында еліміздің әр өңірінен 24 спортшыны жинады.

Жарысқа Азия чемпионы Айбат Сейтен, "Әскер Барысы" атағының иегерлері Олжас Шынкеев пен Әлібек Зекенов, "Ақмола облысы барысы" Қайрат Махтин, "Павлодар барысы" Мұхтар Далелханұлы, "Түркістан барысы" Тоқтарбек Айдарбеков, "Еуразия барысы" Айбол Айтбек, "Сыр барысы" Нұрым Сәлімгереев, "Әлем барысы" халықаралық турнирінің күміс жүлдегері " Мақсат Исағабылов.

"Байқоңыр барысы-2021" турнирінің жеңімпазы астаналық палуан Айбат Сейтен, күміс жүлдені Павлодар облысынан Мұхтар Дәлелханұлы, қоланы Жамбыл облысынан Айтбек Айбол жеңіп алды.

Мен 2019 жылы "Байқоңыр барысы" атты бірінші турнирге қатыстым, сол кезде жеңімпаз атандым. Содан кейін жарыстар жоғары деңгейде өтті. Енді екінші рет қатысып отырмын, өте мықты спортшылар келді, олардың арасында әлем және Азия чемпиондары да бар, қарсыластар жақсы дайындалған. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі балуандар жеңімпаз атағы үшін күресті. Бұл "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің осындай турнирді өткізу туралы жақсы бастамасы. Жыл сайын ұйымдастырылса және спортшылармен бірге өссе екен деп тілеймін, - деді "Байқоңыр барысы-2021" жеңімпазы Айбат Сейтен.

"Байқоңыр барысы-2021" турнирі бұқаралық спортты дамытуға, ауданның жас спортшылары арасында қазақ күресінің ұлттық спорт түрін насихаттауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Бүгін қазақ күресінен ашық турнир өтті. Оған республиканың 20-дан астам спортшысы, жас спортшылар да, әлем және Азия чемпиондары да қатысты. Қазақстан мен Астанада спорттың осы түріне үлкен қызығушылық байқалады, сондықтан мұндай турнирлер – біздің спортшыларды үлкен қолдау болып табылады. Олар өздерін көрсете алады және өз күштері мен мүмкіндіктерін сынай алады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда әкімдік осындай спорт кешенін салды, мұнда біз спорттық іс - шараларды жоғары деңгейде өткізе аламыз, - деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Өндіріс" тұрғын алабының тұрғындары үшін жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда полиция пункті, үш жаттығу залы, ХҚКО бөлімшесі бар, жақын арада "Қазпошта" филиалы ашылады. Кешенге тұрғын алабының 40 мыңға жуық тұрғыны бара алады, мұнда салауатты өмір салты мен бұқаралық спорт насихатталады. Дәл осы жерде біз "Байқоңыр барысы-2021" атты үлкен турнир өткіздік. Біздің өсіп келе жатқан спортшыларымыз үшін бұл әлемдік спорт алаңдарында елді дәріптейтін атақты палуандардан тәжірибе жинау мүмкіндігі, - деп атап өтті "Байқоңыр" ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Өзгелердің жаңалығы