Елордада бәйге жарыстары және көкпардан республикалық турнир өтеді

Кеше, 22:47
107
Бөлісу:
Елордада бәйге жарыстары және көкпардан республикалық турнир өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада 10-12 қазан күндері «Қазанат» атшабарында Республика күніне және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлттық ат спорты фестивалі аясында бәйге жарыстары және көкпардан ересектер арасында Солтүстік аймақтың шабандоздарына арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және көкпардан үздік спортшыларды анықтау мақсатында өтетін турнирге бүгінгі күнге дейін 7 команда тіркелді.

Көкпарға қазіргі таңда бас аяғы 7 команда тіркелді. Атап айтқанда, Қарағандыдан 2 команда тіркелсе. Астана мен Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір команда тіркелді. Тіркелу әлі де жалғасын табуда. Турнир бағдарламасына сәйкес, 10 қазан күні, турнирдің алғашқы күні көкпаршылар, шабандоздар, атбегілер келіп орналасып, мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы, жеребе тарту, жарыс аттарын алаңмен таныстыру іс-шаралары өтеді. Жалпы 11 қазан күні көкпардан топтық ойындар басталады. Ал 12 қазан күні көкпардан финалдық ойындар ұйымдастырылады. Көкпар ойынында жүлделі алты орын болады. Көкпар турнирінің жалпы жүлде қоры – 12 000 000 миллион теңгені құрайды, - деді жарыстың бас төрешісі Ерлан Канапин.

Сондай-ақ фестиваль аясында бәйге түрлерінен сайыстар өтеді. Яғни бәйгенің құнан бәйге, жорға жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылады.

Жалпы бәйге бойынша бүгінде онлайн түрде 8 ат тіркелді. Оның ішінде «Аламан» бәйгеге - 5 ат, құнанға – 3 ат. Бәйге жарыстарының жалпы жүлде қоры – 20 000 000 милллион теңге. Соның ішінде «аламан» бәйге ғана 5 орынға дейін жеңімпаздарды анықтайды. Қалған бәйге түрлері 3 орын ғана, - деді Астана қаласы бойынша «Бәйге» федерациясының төрешісі Гульнара Базарханова.

Айта кетейік көпшілік көз тіккен жүйріктер додасының ашылу салтанаты 12 қазан күні сағат 11.00-де. Көрермендер үшін ұлттық ат спорты фестиваліне кіру тегін. Сондай-ақ, «Қазанат» атшабарына №№ 303, 309 және 323 автобустар қатынайды.

Өзгелердің жаңалығы