Елордада бас санитардың жаңа қаулысы шықты

17 Наурыз 2022, 08:47
1360
Бөлісу:
Елордада бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана бойынша мемлекеттік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Қаулығы сәйкес карантин талаптарына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте; COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар; коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру) бар адамдар маска тағуға міндетті, - делінген жаңа қаулыда. 

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер елордада нысандарға кіруде «Ashyq» жобасын қолдану жалғасын табатынын ескертті. 

Эпидемиологиялық бағалау матрицасының «жасыл» және «сары» аймақтарында орналасқан кезде осы қаулының 3.1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті емес және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін, - делінген ресми құжатта. 

Одан бөлек, жаңа қаулыда қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация процесін бақылауды күшейту керектігі айтылған. 

Толығырақ мына сілтемеде танысуға болады. 

Аталмыш қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы