Елордада «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды

10 Тамыз 2019, 14:10
1842
Бөлісу:
Елордада «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Nur Otan партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық» акциясы басталды.

Алғашқы 150 аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сыйлықтар табысталды. 1 қыркүйекке дейін мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелерді ата-аналары көмекке Nur Оtan партиясының филиалдарына жүгінген балалар алды.

Елордалық меценаттармен бірге партия мүшелері 1500-ден астам баланы жаңа оқу жылына дайындауды жоспарлап отыр.

«Баланы мектепке дайындайық» акциясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл игі және қызықты іс материалдық балаларды оқуға дайындауға мүмкіндіктері келмейтін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге мүмкіндік береді. Бұл ең жақсы республикалық акциялардың бірі. Біздің балаларға «беске» оқығандарын, еңбекқор болып еліміздің лайықты азаматтары болуын тілеймін»,- деп атап өтті Nur Оtan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

Мектепке дайындалуда көмек алғысы келетін отбасылар партияның елордалық филиалына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіне алады.
«Баланы мектепке дайындайық» республикалық акциясының мақсаты - қаржылық қиыншылықтары бар көп отбасыларға мүмкіндігінше атаулы әлеуметтік қолдау көрсету.
Акция еліміздің барлық аймақтарында өтіп, осы айдың соңына дейін жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы