Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы 26-31 мамыр аралығында өткізіліп жатқан Балалардың оқыс жарақаттануының алдын алу апталығы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар жарақатының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның ЮНИСЕФ және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараға Бас прокуратура, Ішкі істер, білім беру, сыртқы істер, мәдениет және спорт, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Ұлыбритания, Финляндия елшіліктерінің, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық ұйымдардың, академиялық ортаның, ҮЕҰ, бизнес өкілдері қатысты.
Дөнгелек үстел барысында балалар, жасөспірімдер мен жастар абайсызда алған оқыс жарақаттары жайлы айтып берді.
«БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына сай баланың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығы - бұл негізгі қағидалардың бірі», - деді БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный. «Бізді балалардың жарақаттану мәселесі алаңдатады. Күн сайын апаттар, өрттер, суға батып кету және терезеден құлау туралы жаңалықтарды естудеміз. Тек 2017 жылы ғана жарақаттардың салдарынан 27 мыңнан астам бала ауруханаға жатқызылды, ал 1 283 бала жазым болды. Осы себепті біз Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен, Электрондық денсаулық сақтау орталығымен, Статистика комитетімен бірге халықты ақпараттандыру және профилактикалық іс-шаралар жайлы мамандар мен ата-аналарды, балаларды оқыту мақсатында жұмыс жасаймыз. Басқа да мемлекеттік органдарын, бизнес өкілдер мен ата-аналар қауымдастықтарын серіктестікке шақырамыз».
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметова айтып кеткендей: «Қазақстанда жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар халық арасында өлім-жітім және мүгедектікке алып келетін басты себептердің бірі және жалпы өлім-жітім құрылымында 4-орынды иеленеді. Жыл сайын республикада 600 мыңнан аса адам түрлі жарақаттар алып жатады, олардың ішінен 22%-ы балалар мен 14 жасқа дейінгі балалар. Балалар арасында оқыс жарақаттанудың алдын алуға бағытталған іс-шараларға тек Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, экономика, қоғам, БАҚ саласындағы барлық секторлар, әсіресе балалардың денсаулығына бірінші кезекте жауап беретін ата-аналар екенін атап өтті.
Зәуре Ахметова жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы қатысушыларға ақпарат берді. «Біз балалар жарақатын барынша азайту, оның салдарынан болатын өлім мен мүгедектікті төмендету мақсатында жақын мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекке әзірленген нақты іс-қимылдар жоспарымен жұмыс жасауымыз қажет. Бүгін республикадағы балалар жарақаттанушылығы бойынша ағымдағы жағдай мәселелерін, Қазақстанда балалар жарақатының алдын алу жөніндегі ҚР заңнамасына және құқық қабылдаушы практикаға, стратегия мен іс-қимылдар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылауды ұсынамын», - деп өз сөзін қорытындылады Министрлік өкілі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар елімізде жарақаттанушылықпен байланысты болып жатқан ағымдағы жағдайды талқылап, халықаралық тәжірибемен және балалар жарақатын төмендетуге бағытталған Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұсынған стратегия жобасымен танысты. Ол жол қауіпсіздігі, күйіктердің алдын алу, улану, суға кету, тұншығу, мектеп пен спорттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б.
ЮНИСЕФ және ДДҰ-ның жарақаттанушылық, денсаулық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшысы Джоан Винсентен Қазақстанның 8 өңірінде 0-14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары арасында ЮНИСЕФ өткізген сауалнаманың қорытындылары және ұсыныстарымен таныстырды, сондай-ақ, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша алдағы 3 жылға қойылған қадамдары талқыланды. Сауалнамаға сәйкес, 3000 отбасы, 84% қазақстандық ата-аналарға балаларды қауіптіліктен қорғау қиынға түседі; 82% ата-аналар көбіне инфрақұрылым сапасыз жобаланған деп санайды; 80% ата-аналар заңнама жеткілікті деңгейде сақталмайды және қорғамайды деп ойлайды; қазақстандық ата-аналар балалар арасындағы жарақаттанушылықты төмендетуге ықпал ететін қағидалар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге мемлекет қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.
Балалардың оқыс жарақаттануының алдын алу апталығының аясында жарақаттануға тап болған балалар және олардың ата-аналарымен фокус группалар өткізілгенін; денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік қорғау саласындағы мамандар үшін оқыту ұйымдастырылып, оларға сертификат тапсырылды.