Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

27 Мамыр 2022, 20:30
2698
Бөлісу:
Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында «Әлем және руханият менің көзіммен» атты сурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Байқау Н.Назарбаев орталығы тарапынан Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасы мен елордалық суретшілер одағының қолдауымен 2022 жылғы 18 сәуір -  23 мамыр аралығында «Балалар жылы» аясында биылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е.Оңғаров, Нұр-Сұлтан қаласындағы мәртебелі Мария Архиепархиясының архиепископ-митрополиті Т. ПЭТА, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің архиепископы Ю.Новгородов және сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың, БАҚ өкілдері мен елордалық мектептердің оқушылары, олардың ата-аналары мен оқытушылары қатысты.

Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын. Жаңа Қазақстан «Рухани Эвересттің» шыңдарын бағындырады. Бүгін Қазақстан әлемге қарапайым жолмен, бірақ келісімде, жанжалсыз өмір сүруге және диалог процесінде қайшылықтарды шешуге болатынын көрсетіп отыр. Осы ретте көпконфессиялықты сақтай отырып, бірлікке қол жеткізу маңызды. Байқаудың барлық қатысушысын келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын, - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев.

Елорданың 28 мектебінен барлығы 78 қатысушыдан 83 жұмыс келіп түсті.
Қазылар алқасы байқауға қатысушыларды жасына қарай 2 топқа бөлді: бірінші топта 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар, екінші топта 11 - 16 жас аралағындағы қатысушылар.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы оқушылардың үздік жұмыстарын анықтап, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

 

Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Байқаудың ұйымдастыруға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Рим – Католик шіркеуі, Шығыс Еуропа аймағындағы Иса Мәсіхтің соңғы замандағы Әулиелер шіркеуі, елордалық суретшілер одағы, сондай-ақ «Kazdream Technologies» компаниясы демеушілік көмек көрсетті.

Пандемиядан кейін алғаш рет Бейбітшілік және келісім сарайы балалардың, олардың ата-аналары мен тәлімгерлерінің қуанышына, күлкісіне толғанына қуаныштымын. Бұл іс-шара Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеялары балалар жүрегінде өз әсерін өалдырды деп ойлаймын. Бір жарым ай ішінде елорданың 20-дан астам мектебінен 78 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс келіп түсті. Сайысқа түскен ең жас қатысушы небары 6 жаста. Бүгін мұнда ұсынылған суреттер топтамасы балалардың руханият пен толеранттылыққа деген көзқарасы конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің байлығы мен бірегейлігін тағы бір рет көрсететінін дәлелдеді. Жас суретшілердің алуан түрлі туындылары көпшілікті жаңа шығармашылық жетістіктерге шабыттандыратынына сенімдімін, - деп атап өтті Орталықтың басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев.

Елордада балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды

Іс-шара соңында барлық қатысушы мен олардың жетекшілеріне естелік сертификаттар табысталды.

Биылғы 14-15 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі барысында аталған байқауға келіп түскен суреттерден арнайы көрме өткізу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы