28-31 наурыз аралығында елордада «SAMRUK BALA CUR» балалар мен жасөспірімдер ауылдық командалары арасында шайбалы хоккейден турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл Қазақстан өңірлерінің ауылдық командалары арасында жоспарланған ірі хоккей жарыстарының үшінші турнирі.
Турнирге Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматыдан 24 команда қатысады. 300-ден астам бала, оның ішінде Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысады деп күтіліп отыр.
Турнир Астана қаласы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Altyn Shaibaly» балалар хоккейін дамыту жобасы аясында өтіп жатыр. Осылайша, спорттық іс-шара Қазақстандағы балалар хоккейінің тарихындағы ең ірі турнирлердің біріне ғана емес, сонымен қатар өңірлердегі балалар үшін ең қолжетімді турнирлердің біріне айналды.
Айта кетейік, «SAMRUK BALA CUP» өткізу аясында екі турнир өтті, оған 600-ге жуық жас спортшы қатысты.