Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталықта 300-ге жуық бала оқи алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Бүгін Нұр-Сұлтанда елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен Bilim All мектеп оқушыларын даярлауға арналған жаңа көпбалалы аналар білім беру орталығының ашылуы өтті.
Мәкен тұрғындардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру маңызды екенін атап өтіп, орталық ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
Орталықта көпбалалы және қолдауға мұқтаж отбасылардың оқушылары әртүрлі курстарда қосымша оқудан ақысыз өте алады. Орталықта күндізгі топтар, орыс, қазақ, ағылшын және араб тілдері, математика курстары, шахмат үйірмесі, өнер шеберханасы, гитара және домбыра сыныптары бар.
Бірінші мақсатымыз – балаларға заман талабына сай қолжетімді білім беру. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, атап айтқанда қосымша білім беру аясын кеңейту туралы ұсынысын толығымен қолдаймыз. Бұл жұмыспен біздің орталық тікелей айналысады, – дейді орталық жетекшісі Райгүл Серікбаева.
Мұнда барлығы 300-ге жуық бала оқи алады. Оқу орталығы Strong Mothers Ns қоғамдық қоры мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен ашылды.
Мұнда өте қызық. Мұғалімдер сабақты жақсы түсіндіреді, – дейді 7-сынып оқушысы Фатима Шарапатова.
Орталыққа келушілердің бірінің ата-анасы оның ашылуын өте ұзақ күткенін айтты.
Осы курстарға баруға мүмкіндік берген Strong Mothers қоғамдық қорына ризашылығымды білдіргім келеді. Қызым осында ағылшын курсына барады. Алғашқы күндерден-ақ жақсы нәтиже көрсетуде, мектепке дайындалып жатқан ұлымды да осында әкелемін, – дейді оқушылардың анасы Анель.
Айта кетейік, көпбалалы аналар ақысыз негізде компьютерлік сауаттылық бойынша қосымша курстардан өте алады. Қазіргі уақытта орталықта жиырмаға жуық ана білім алуда.
Өзім көпбалалы ана ретінде осында компьютерлік сауаттылығымды арттырып, біраз нәтижеге қол жеткіздім. Орталықты ашуға қолдау білдірген әкімдікке, қоғамдық қор мүшелеріне алғыс айтамын, – дейді Гүлмира есімді көпбалалы ана.
Bilim All орталығы Уәлиханов көшесі, 3 мекенжайында орналасқан. Қазір топтарда бес баладан көп емес. Баланы тіркеу үшін кеңсеге келіп, қажетті құжаттарды тапсыру керек.