Елордада әйел 7-қабаттан құлап кетті

19 Маусым 2022, 15:44
1485
Бөлісу:
Елордада әйел 7-қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап, көз жұмды.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, "102" каналына Достық көшесінде 7-ші қабаттағы балконнан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған, - деп мәлімдеді полиция.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы