Астанада автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды. Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр.
Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылып, жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.